Ауданда парк пен жағалау аймақтары тазартылды: «Таза қала» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыстар негізгі учаскелерде: Желтоқсан саябағында, Әуежай көлінің оңтүстік жағалауында, сондай-ақ Майлин көшесі бойындағы Бас Қарасу өзенінің арнасы бойында ұйымдастырылды.

Негізгі назар ортақ пайдаланылатын аумақтарды тазалауға, жағалау аймақтарын ретке келтіруге және рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюға аударылды.

Акцияға 2000-нан астам ұйым қызметкерлері, коммуналдық қызмет өкілдері және ауданның белсенді тұрғындары қатысты. 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік қорытындысы бойынша 140 м³ қоқыс жиналып, шығарылды.

Қатысқан әрбір жанға алғыс білдіреміз.

#тазақазақстан #tazaqazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1199557?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version