2026 жылғы 13 сәуірде Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен залында Нурлан Зарлыкович Уразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессияда депутаттар мәслихаттың әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы, Қостанай облысының Жітіқара ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы, учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарады.
Жұмысқа Жітіқара ауданының әкімі және оның орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің төрағасы, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1200060?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау