Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды сенбіліктер жалғасуда.

«Алатау» АЭА ақпараттық технологиялар паркінің аумағында акцияға бизнес өкілдері белсенді қатысты. 35 компанияның қызметкерлері аумақты тазалап, жиналған қоқысты шығарып, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.

Сенбілік бизнес қауымдастығының экологиялық бастамаларды қолдауға және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға нақты үлес қосып отырғанының айқын көрінісі болды.

Мұндай іс-шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1199488?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version