Бөлімшелердің жазғы кезеңге дайындығы тексерілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қызметтің жазғы кезеңіне көшуге байланысты жеке құрамға жоспарлы тексеріс жүргізілді.

       Іс-шараға департамент бастығы Мұрат Мұханов қатысып, қызметкерлердің тәртіп деңгейі мен қызметтік міндеттерді орындауға жалпы дайындығын бағалады.

       Тексеру барысында қызметкерлердің сыртқы келбетіне, белгіленген киім үлгісі талаптарының сақталуына, сондай-ақ қызметтік куәліктерінің болуы мен өзектілігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қызметтік және саптық тәртіптің сақталуы қосымша тексерілді.

        Сондай-ақ қызметтік автокөліктердің техникалық жай-күйі және олардың төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайындығы бағаланды.

        Мұндай іс-шаралар бөлімшелердің дайындық деңгейін арттыруға, тәртіпті нығайтуға және қызмет тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді

                                                                                Маңғыстау облысы  ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1199458?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version