2026 жылғы 10–13 сәуір аралығында Армения Республикасының Ереван қаласында самбодан Әлем кубогы өтті. Байрақты бәсекеде облысымыздың намысын қорғаған спортшымыз Серік Шадияр жоғары шеберлік танытып, күміс жүлдеге ие болды.
Бұл — спортшымыздың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының жүйелі жұмысының нәтижесі.
Облысымыздың мерейін үстем еткен Серік Шадиярды және оның жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-sport/press/news/details/1199299?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау