Халықпен кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде халықпен кері байланыс орнату мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А.Калимолдинамен облыстың заңгерлік қауымдастықтарының өкілдерімен бірлесіп Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында тұрғындармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу, мұраны рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ОСИ құру процесі, бірқатар нотариаттық қызметтер, робот-сот орындаушысы сияқты цифрлық форматта қолжетімді болған қызметтер таныстырылды.

Бұдан бөлек, алаяқтықтың алдын алуға тақырыбына ерекше назар аударылды. Азаматтарға беймәлім тұлғалардан келген хабарламалар мен қоңырауларға сенбеу, жеке деректер мен банк карталарының реквизиттерін жария етпеу, тек ресми көздерден кеңес алу қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға Әділет министрлігі әзірлеген «Цифрлық көмекші» чат-ботының мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Аталған чат-бот азаматтарға онлайн форматта құқықтық кеңес алуына және жиі қойылатын сұрақтар бойынша жауап табуына мүмкіндік береді.

Барлық қойылған азаматтармен сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1199329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version