Кәсібилік пен жеделдік — азаматтар сенімінің кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсібилік пен жеделдік — азаматтар сенімінің кепілі

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір тұрғынына интернет-алаяқтар ұрлаған ақшалай қаражатын қайтаруға көмектесті.

Полицейлердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылдарының арқасында қылмыстың мән-жайы анықталып, қаражатты қайтару бойынша қажетті шаралар қабылданды. Ризашылық белгісі ретінде азамат полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін цифрлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жеке деректер мен банктік карта деректемелерін үшінші тұлғаларға бермеңіздер, күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер, сондай-ақ алынған ақпараттың анықтығына мұқият көз жеткізіңіздер.

Күдікті жағдайлар туындаған кезде дереу «102» арнасына хабарласу қажет.

Полиция әрқашан жедел әрекет етуге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге дайын.

 

ШҚО ДП пресс-служба

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1199577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version