Көпбейінді балалар ауруханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын пысықтауға бағытталған өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, электр сымдарын жөндеу жұмыстары барысында қысқа тұйықталу орын алып, соның салдарынан ғимараттың шатырында шартты өрт шықты. Өрт қысқа уақыт ішінде таралып, аурухана іші қою түтінге толды. Оқу-жаттығу барысында адамдарды эвакуациялау іс-қимылдары пысықталып, 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Сондай-ақ сценарий бойынша 2 адам шартты түрде зардап шегіп, оларға қажетті көмек көрсетілді. Оқу-жаттығу нәтижесінде қызметтердің өзара іс-қимылы жетілдіріліп, жеке құрамның дайындығы арттырылды және шынайы жағдайға барынша жақын жағдайда жедел әрекет ету деңгейі тексерілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1199476?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version