Азия чемпионатында Надежда Рябец 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде облысымыз бен еліміздің намысын қорғады. Финалда оның қарсыласы Өзбекстаннан келген Рухшона Парпиева болды.
Надежда бірінші раундты 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіп алды. Екінші раундта ол қарсыласынан белсендірек, әртүрлі әдістерді тиімді қолданып, дәл соққыларымен басымдықты арттырды. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Надежда Рябец ел қоржынына 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді алып келді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1199246?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау