ҚР СЖРА-да агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша стратегиялық сессия өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде (СЖРА) ҚР Президент Кеңесшісі – СЖРА Басшысы Әсет Ерғалиевтің төрағалығымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша стратегиялық сессия өтті.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Агрофирма Родина» ЖШС-нің бас директоры Иван Сауэр, «Зенченко и К» КТ директоры Геннадий Зенченко, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы Ержан Нұрбаев, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың, сарапшылар қоғамдастығы мен бизнестің өкілдері қатысты.

Стратегиялық сессияның  міндеті агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.

Сессияны аша отырып, Әсет Ерғалиев агроөнеркәсіптік кешеннің маңызды рөлін атап өтіп, жүйелі әрі уақтылы әрекет етуді талап ететін сын-қатерлердің бар екенін айтты.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров соңғы жылдары агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру құралдары, оның ішінде жеңілдетілген несиелеу мен нарықтық ресурстарды тарту кеңейтілгенін атап өтті. Бұл инвестициялық белсенділікті арттыруға, технологияларды енгізуді жеделдетуге және өндірістің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік берді.

«Агрофирма Родина» ЖШС-нің бас директоры Иван Сауэр агробизнесті жүргізу шарттарына ерекше назар аударып, саладағы ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тұрақты әрі болжамды ортаның маңыздылығын атап өтті.

Өндіріс тиімділігі тақырыбын жалғастыра отырып, «Зенченко и К» КТ директоры Геннадий Зенченко жер ресурстарын ұтымды пайдалану, технологиялық тәртіпті сақтау және ауылдық өңірлердің тұрақтылығының негізі ретінде мал шаруашылығын одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Сүт бағытындағы инвестициялық жобаны іске асырудың практикалық тәжірибесімен «Рамадан» сүт фермасының директоры Жарас Қанапин бөлісіп, тұрақты өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтіп, өнімді қайта өңдеу мен өткізу бағыттарын дамыту қажеттігін айтты. 

“Nurym-GROUP “ЖШС директоры Сырым Ерсаев бизнесті кеңейту үшін тұрақты қаржылық тетіктер мен болжамды жағдайлардың маңыздылығын атап өтіп, мал шаруашылығы мен экспорттық әлеуетті дамыту бойынша ұстанымын ұсынды.

Стратегиялық сессияның қорытындысы бойынша саланың дамуын тежейтін жүйелі шектеулерді жоюға бағытталған ұсыныстар қалыптастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/1199251?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version