«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Аймақтың аудандық және ауылдық әкімшіліктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары негізінде орналастырылған «Құқық кабинеттері» деп аталатын бөлмелер жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қол жетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Олардың көмегімен тұрғындар өз елді мекенінен шықпай-ақ, дербес түрде заңдық ақпарат ала алады, мемлекеттік қызметтерге өтініш беріп, электрондық өтініштер жібере алады.

«Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен қызметтер қолжетімді: «Әділет» ААЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Зан» дерекқоры; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» қызметі; «Тараптар кабинеті» (ӨҚБАЖ); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді тез табуға, электрондық форматта өтініштер мен сұраулар беруге, өтініштердің күйін бақылауға, сондай-ақ кеңес беру және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмыс тәртібі, заңдық қызметтердің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округтердің мамандары нұсқаулықтан өтті, оларға жүйенің жұмыс істеу принциптері түсіндірілді. Қазіргі уақытта азаматтардың келу жиілігі мен өтініш беру деңгейі мониторингі жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру және жедел заңдық көмек алу үшін ыңғайлы жағдайлар жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс үздіксіз жалғасуда. «Құқық кабинеті» – заңдық көмек қолжетімді, түсінікті және әрбір тұрғынның жанында болуына тағы бір қадам.

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-sokolovsk/press/news/details/1199744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version