Құрманғазы ауданында «Алтын сақа» шаруа қожалығының басшысы Мейрамбек Мухамбеталиев жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайтын заманауи жылыжай кешенін іске қосты.
Жоба өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарықты жыл бойы отандық көкөніс өнімдерімен (қияр, қызанақ) қамтуға бағытталған. Қазіргі таңда егіс жұмыстары аяқталып, өнім жинауға дайындық жүргізілуде.
Өсіру барысында зиянды химикаттардың қолданылуы барынша шектеліп, өнімнің табиғилығы мен жоғары дәрумендік құрамын сақтауға басымдық беріледі.
Жылыжай кешені автоматтандырылған микроклимат жүйелерімен жабдықталып, тамшылатып суару технологиясы енгізілген. Өндірісте экологиялық тазалыққа басымдық берілген.
Аталған жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға және өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1199410?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау