Құрметті Жітіқара ауданының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты ақпараттандыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 2 наурызда Қостанай облыстық мәслихатының сумен жабдықтау және бұрын қабылданған жекелеген актілерді нормативтік-құқықтық реттеу саласына қатысты № 274 және № 273 шешімдері қабылданғанын хабарлаймыз.

№ 274 шешіммен Қостанай облысында көрсетілетін қызметтер субсидиялануға жататын жүйелердің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілді. Бұл шешім қолданыстағы экономикалық жағдайларды ескере отырып, тарифтік саясатты өзектендіруге, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Қостанай облыстық мәслихаты шешім қабылдады:

1. Ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құны Қостанай облысы бойынша субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төленетін төлемақы мөлшері бекітілсін:

1) ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – қосылған құн салығын есептемегенде 100 теңге;

2) ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – қосылған құн салығын есептемегенде 130 теңге.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Белгіленген төлем мөлшері барлық тұтынушылар үшін — халық үшін де, ұйымдар үшін де міндетті. Төлем есептеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес нақты тұтынылған су көлемі үшін жүргізіледі.

Халық үшін бұл өзгерістер ақпараттық сипатқа ие және тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын арттыруға, сондай-ақ сумен жабдықтау инфрақұрылымын дамытуға және ұстауға бағытталған қаражатты тиімді пайдалануға бағытталған.

Тұрғындардан осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді уақтылы жүргізуді сұраймыз. Төлем тәртібін сақтау коммуналдық қызметтердің тұрақты жұмысының маңызды шарты болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1200040?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version