Құрметті жітіқаралықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді жарқын Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл жарқын мейрам рухани жаңғыруды бейнелейді, адамдарға үміт, қуаныш пен сенім  сыйлайды, игі істерге және жасампаздыққа үндейді.  

Христиан діні басқа діндермен қатар қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды, өзара құрмет, бірлік пен келісімді нығайтуға себептеседі, халқымыздың рухани мұрасын сақтауға ықпал етеді.

Өзара түсіністік, этнос пен конфессия өкілдері арасындағы үйлесім мен қоғамдық келісім Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып табылады деп сенемін.  

Пасха мерекесі баршаңызға бақыт, молшылық пен құт-береке әкелсін! Әр шаңырақ махаббат пен шаттыққа кенеле берсін!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жасампаз бастамаларда толағай табыстар тілеймін!

 

         Жітіқара ауданының

                      әкімі                                                                  А. Жаныспаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1199186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version