Жамбыл облысы ТЖД мәжіліс залында «Есірткі, алкоголь және психотроптық заттардың адам денсаулығына әсері» және«Лудоманияның профилактикасы және құмаройындарға қатысу қаупін азайту» тақырыптарында семинар өткізілді. Семинарға Жамбыл облыстық психикалықденсаулық орталығының психиатр-наркологдәрігері Ирина Данилюк және М.Х. Дулатиатындағы Тараз университетінің әлеуметтік психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Әсел Дәуренбекова қатысты. Мамандар есірткі, алкоголь және психотроптықзаттардың адам денсаулығына зияны, сондай-ақлудоманияның алдын алу жолдары туралыжан-жақты ақпарат берді. Іс-шара слайдтық презентация форматында өтіп, қатысушыларға ақпарат көрнекі түрдеұсынылды. Қатысушылар өз сұрақтарына толықжауап алды.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1199481?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау