Алматы қаласының Жетісу ауданында «Eco Almaty» ЖШС қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Жұмыстар Райымбек даңғылы мен Аэродромная көшесінің қиылысында, Есентай өзенінің арнасы бойында жүргізілді.
Іс-шараға компанияның 80 қызметкері қатысты. Сенбілік барысында аумақ санитарлық тазалаудан өтіп, қоқыс жиналып шығарылды, іргелес аумақтар ретке келтірілді.
Жұмыс қорытындысы бойынша 25 текше метрден астам қалдық шығарылды.
Мұндай іс-шаралар қалалық ортаның тазалығын сақтауға және аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1199493?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау