Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың 2026 жылғы 10 сәуірдегі №1–121ө өкімімен Исаев Мейрамбек Зулпыхарович Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Аудан әкімі Арман Романұлы бөлім ұжымына жаңадан тағайындалған басшыны таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Өз сөзінде аудан әкімі: – бұл бөлім – аудан көлеміндегі жер учаскелерін беру, ауыстыру, қайтарып алу және пайдалану құқықтарын ресімдеуін, жердің сапалық және сандық жағдайын бақылауды, жер қорының өзгеруін есепке алуын, жерді мақсатсыз немесе тиімсіз пайдалануды болдырмауды, жер заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. М.З.Исаевқа үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, жаңа басшының тәжірибесі мен білімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді деп сенемін. Алдағы жұмыстарыңызға табыс, ел игілігі жолында нәтижелі еңбек тілеймін, – деді.
Жаңа басшы болып тағайындалған Исаев Мейрамбек Зулпыхарович – тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Ол 1969 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1991-2008 жылдар аралығында мамандығы бойынша әртүрлі салаларда еңбек етіп, 2008 жылдан бері мемлекеттік қызметте атап айтқанда, Шардара аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары лауазымдарды атқарған. 2025–2026 жылдары Шардара аудандық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды. Отбасылы, 5 баласы бар.
Мейрамбек Зулпыхарұлына жаңа қызметте сәттілік тілейміз!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1199956?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау