Щучинск қаласында заманауи экопарк пайда болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткен сенбі күні Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Щучинск қаласының орталық саябағын абаттандыру жобасымен танысты.

Ағымдағы жылы мұнда қаланың жайлы ортасын жаңарту және құру бойынша жұмыстар жоспарланған. Жоба аясында брусчатка төсеу, жабындарды абаттандыру, жарықтандыру орнату, шағын сәулет нысандарын орналастыру, сондай-ақ амфитеатр мен спорт алаңдарын салу қарастырылған.

Арнайы көңіл көгалдандыруға бөлінген — шамамен 50 ағаш және 600-ден астам бұта отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар, екі балалар ойын алаңы жасалады, олардың бірі инклюзивті болады.

Экопарк құрылысы келесі аптадан басталады. Жобаны жүзеге асыру қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи демалыс алаңын жасауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1199173?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version