ШҚО-да 13 сәуірде өрт қауіпті кезең басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында өрт қауіпті маусым 13 сәуірден басталатынын хабарлады.

ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов өрт қауіпті кезеңге дайындық мақсатында ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Облыс аумағында 13 орман шаруашылығы, 2 мемлекеттік табиғи қорық және 1 ұлттық парк жұмыс істейді. Орманды қорғау ісіне 48 орман өрт сөндіру станциясы мен «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің бөлімшелері жұмылдырылған.

Қазіргі таңда өңірде 1329 қызметкер мен 249 бірлік техника, оның ішінде 128 өрт сөндіру автокөлігі кез келген жағдайға дайын тұр. Құтқару бөлімшелері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Өрт қаупі жоғары аймақтарда жағдайды бақылау үшін дрондар қолданылуда.

Өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде арнайы пункттер ашылып, олардың саны артып келеді. Мамандар мен орман қызметкерлері арнайы оқытудан өтіп, орман мен дала алқаптарын патрульдеу күшейтілді.

Мамандардың айтуынша, орман өрттерінің негізгі себебі – найзағай разрядтары. Дегенмен, адам факторы да үлкен қауіп төндіреді.

Сондықтан өрт қауіпті кезеңде орманда от жағуға, темекі тұқылдарын тастауға, жанғыш заттарды бей-берекет қалдыруға және мангалды рұқсат етілмеген жерлерде пайдалануға қатаң тыйым салынады. Шөп өртеу де толықтай шектелген. Қоқыс өртеу тек арнайы талаптарды сақтай отырып, желсіз күні, ғимараттардан алыс жерде және міндетті түрде бақылаумен жүргізілуі тиіс.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі. Жиналған қоқысты тек құрғақ, алдын ала тазартылған жерде, желсіз ауа райында және тұрғын үйлер мен нысандардан кемінде 50 метр қашықтықта ғана өртеу қажет.

Сонымен қатар, өрттің алдын алу үшін қасында су, құм немесе өрт сөндіру құралдары болуы тиіс және от толық сөнгенге дейін қараусыз қалдырмау керек. Құрғақ шөп пен жапырақтарды бей-берекет өртеуге, жанғыш қалдықтарды ашық жерде қалдыруға, сондай-ақ балалардың отпен ойнауына жол бермеу маңызды.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескерген жөн. Сондықтан мамандар тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарап, тазалық пен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1199768?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version