ШҚО полицейлері кезекті борышкерді анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полицейлері кезекті борышкерді анықтады

Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының борышкерді іздестіру туралы қаулысы келіп түсті. Белгілі болғандай, 2025 жылдың наурыз айынан бастап азаматша қала тұрғыны алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтарып келген, қарыз сомасы 4 миллион теңгеден асқан.

Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 61 жастағы борышкер әйелдің орналасқан жерін анықтады. Қазіргі уақытта материалдар қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін сот орындаушыларына жолданды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті іздеуде жүрген 35-тен астам борышкерді тапқан.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді, сондай-ақ азаматтарды қосымша санкцияларға жол бермеу үшін өз міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1199561?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version