Солтүстік Қазақстан облысында сумен жабдықтау тарифін бекіту бойынша жария тыңдаулар өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды «Мамлютское1» ЖШС және «MINKESER» ЖШС-ның суды тарату желілері арқылы беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметалар жобаларын талқылау жөніндегі жария тыңдауларға қатысуға шақырады.
Жария тыңдау тарифтерді бекіту немесе өзгерту туралы өтінімдерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті рәсім болып табылады. Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділдік қағидаттарын сақтауға бағытталған.
Жария тыңдаулар 2026 жылғы 14 сәуір Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В», кабинет 335 мекенжайы бойынша өтеді.
«Мамлютское1» ЖШС бойынша сағат 15:00-де;
«MINKESER» ЖШС бойынша сағат 15:30-да.
Сондай-ақ «ZOOM» қосымшасы (идентификаторы: 540 130 1900, құпия сөзі: 12345), және «Facebook» платформасы арқылы: (https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343) онлайн қатысу мүмкіндігі бар.
Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7152) 53-42-31.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-mamlyut/press/news/details/1199342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version