Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК филиалдарына 130 мотоцикл табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Техникалық паркті жаңарту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК филиалдарына қозғалтқыш көлемі 250 текше сантиметр болатын 130 мотоцикл табыстады.

Жаңа техника кәсіпорынның 12 филиалы арасында бөлінді. Ақмола филиалына – 1 мотоцикл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жетісу филиалдарының әрқайсысына 5 мотоциклден, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы филиалдарға – 6 мотоциклден берілді. Шығыс Қазақстан филиалына – 11, Абай облысы бойынша филиалға – 12, «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалына – 20, Түркістан филиалына – 25, Жамбыл филиалына 29 мотоцикл тапсырылды.

Жаңа техника учаскелер арасында жедел қозғалуы үшін су реттеушілерге берілді. Бұл жұмыс міндеттеріне жедел әрекет етуге, сондай-ақ суды бөлу мен гидротехникалық нысандардың тұрақты жұмысын бақылауды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жаңа техникамен қамтамасыз етілген қызметкерлердің бірі – «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалына қарасты Жиенбет өндірістік бөлімшесінің жас маманы Айдын Жолдас.

«Негізгі міндетім – шаруа қожалықтарына су жеткізу. «Қазсушар» филиалы мотоцикл берді. Алғысым шексіз. Себебі күн сайын 5-6 канал аралап, 60-70 шақырым жолды жаяу жүретінмін. Кейде түнгі уақытта да жұмыс істеуге тура келеді. Жаңа техника берілгенге дейін қажетті жерге жету үшін біреуден көлік сұрауға немесе велосипедпен баруға мәжбүр болатынбыз. Енді жаңа мотоциклдер жұмысты әлдеқайда жылдам әрі тиімді орындауға мүмкіндік береді», – деді жас маман.

Жаңа мотоцикл алған мамандардың бір бөлігі бұрын маусымдық жұмысшылар болған. Енді олар тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Жалақымыз екі есе өсті. Сол үшін министрлікке алғыс білдіремін. Бұрын біз маусымдық жұмыс істеп, жылына алты ай ғана еңбек ететінбіз. Қазір тұрақты жұмыспен қамтылып, жыл бойы еңбек етеміз, жалақымызды тұрақты түрде алып, еңбек демалысына да шығамыз»,деді «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының су реттеушісі Пердехан Абзақұлов.

Еске салсақ, былтыр «Қазсушар» РМК-ның техникалық паркі 27%-ға жаңартылып, бұл техника жалдау шығындарын 85%-ға, ал жөндеу шығындарын екі есе қысқартуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1199101?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version