ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ – ӘРБІРІМІЗДІҢ ПАРЫЗЫМЫЗ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында кіші саябақта көктемгі тал егу акциясы өткізілді. Іс-шараға Шет ауданы әкімі М.Мұхтаров, аудандық мәслихат төрағасы С. Социал және аудан әкімінің орынбасары Қ. Садыков бастаған ауыл ақсақалдары мен мекеме басшылары қатысып, туған жерді көркейтуге өз үлестерін қосты.

Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауыл аумағын көгалдандыру, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру және өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, бұл бастама ауыл тұрғындарын бірлікке шақырып, ортақ іске жұмылдыру арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталған.
Отырғызылған әрбір тал – келешек ұрпаққа қалдырылған аманат, ал жасыл желекке бөленген ауыл – берекелі өмірдің белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1199444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version