«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 1–30 сәуір аралығында өтіп жатқан «Бір адам – бір ағаш» кезеңіне сәйкес ауданымызда ауқымды экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Осы бағытта аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен Қасқасу ауылдық округіндегі «Сайрам су» өзенінің бойы, Алатау ауылдық округіне қарасты Ақмешіт және Біркөлік өзендерінің жағалаулары қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, Ленгір қаласында «Таза қала» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында 1000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылып, елді мекендерде санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы, тазалық шараларына 1100 адам қатысып, 18 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 29 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл бағдарлама – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған жерге жанашырлық танытуға бағытталған маңызды бастама.
Аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын. Таза орта – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау