Тегін құқықттық кеңес – әділетпен бірге

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 сәуірде Атырау облысы Әділет департаменті Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы жанындағы «Құқықтық клиника» студенттік ұйымымен бірлесіп азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізді.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары М.А. Музатова, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Р.Б. Картқұжақов, Атырау облысы Полиция департаментінің анықтау басқармасының анықтаушысы, полиция подполковнигі Д.С. Булжанов, сондай-ақ Департамент қызметкерлері, нотариус, адвокат және жеке сот орындаушылары қатысты.
Қоғамдық қабылдау аясында азаматтарға тегін заң көмегі көрсетіліп, әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңестер берілді. Атап айтқанда, банк шоттарын бұғаттау және бұғаттан шығару, кәсіпкерлік қызмет мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналасу бойынша түсіндірмелер жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жоғары оқу орындарының түлектері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауаптар алды.
Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында, цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агенті чат ботының жұмысы насихатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1199255?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version