Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Төлеби ауданындағы агроөнеркәсіп кешендерінің экономикалық өсімін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы есеп берді.
Отырысқа Төлеби ауданынан аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдісаттар Әбдіхалықов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков қатысты.
Бауыржан Қайратұлы баяндамасында аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту, инвестиция тарту, өнім көлемін арттыру және басқа да жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетіліп жатқан қолдаулар мен олардың нәтижелері туралы нақты мәліметтер келтірілді.
Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Төлеби ауданында тұрғындармен өткізілген кездесулерінде ортаға салды. Кездесу барысында жеке кәсіпкерлер, фермерлер және ауыл ақсақалдары тарапынан бірқатар маңызды сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтылған.
Жиын қорытындысымен көтерілген барлық мәселелер назарға алынып, тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар беру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, ұсынылған мәселелердің орындалу барысы Қоғамдық кеңестің тұрақты бақылауында болатындығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1199229?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау