Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Отан» облыстық спартакиадасының волейбол бойынша жарыстары өтті.
Мәмілесіз ойындар нәтижесінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәкілдері жеңіске қөл жеткізді, екінші орында Ақмола облысы әкімдігінің командасы, ал үшінші орында Аршалы ауданының командасы.
Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.
Жеңімпаздар командасының капитаны кедендік бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Қайрат Исимбаев осындай шараларды өткізу салауатты өмірдің салттың насихаттауға және дамуына жол беретіндігі туралы атап кетті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1199582?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау