Ырғыз ауданы аграрлық салаға жұмысшы кадрларды даярлау және тарту жұмысын күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінде Ш. Берсиев атындағы оқу орнында Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергеновтің ауданнан шыққан студенттермен кездесуі өтті. Іс-шара кадрлық әлеуетті дамыту және, ең алдымен, аграрлық саладағы жұмысшы мамандықтарды насихаттау бойынша жүйелі жұмыстың аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға білім беру басқармасы басшысының орынбасары Асхат Избасар қатысты. Ол өз сөзінде мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, білім беру ұйымдары мен әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара байланысты нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты. Оның пікірінше, мұндай форматтар білікті кадрларды даярлауға және жастардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыруға тікелей ықпал етеді.

Аудан әкімі өз сөзінде ауыл шаруашылығы үшін білікті мамандар даярлаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жас мамандардың туған ауылдарына оралып, аграрлық секторда еңбек етуінің маңызына ерекше тоқталды.

Колледж директоры Сертай Жаржанов оқу орны облыс аудандарымен серіктестік байланыстарды жүйелі түрде дамытып келе жатқанын, тәжірибеге бағытталған оқыту мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға ерекше мән берілетінін айтты.

Іс-шара аясында Ырғыз ауданы әкімдігі оқу озаттары қатарындағы 7 студентке біржолғы стипендиялар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1200064?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version