Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қыздар мен әйелдер арасында өткен волейболдан аудандық жарыс өз мәресіне жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аталған жарысқа ауданның әр ауылдық округтерінен және білім беру ұйымдарынан құралған 12 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлікті және спортқа деген ерекше қызығушылықтарын танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша:
 І орын – Шақаман мектеп командасы. Жеңімпаз команда ауыспалы кубоктың иегері атанды.
 ІІ орын – Түрксіб мектеп командасы.
 ІІІ орын – Шақаман командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және қыздар мен әйелдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да осындай спорттық жарыстарға белсенді қатысуға шақырамыз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1199139?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version