Жетісу облысындағы білім беру ұйымдарының тек төрттен бірі ғана аттестаттаудан өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өткен жылғы қызметінің қорытындысын БАҚ өкілдерімен кездесуде жариялады. Тексеріс нәтижелері өңірдегі білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы мен білім сапасында бірнеше жүйелі мәселелердің бар екенін айқындап берді.
Өткен жылы облыс бойынша жоспарланған 106 білім беру ұйымы (50 балабақша мен 56 мектеп) мемлекеттік аттестаттаудан толық өткізілді. Алайда, нәтиже көңіл көншітпейді. Мектепке дейінгі ұйымдардың тек 22%-ы ал мектептердің 25%-ы ғана мемлекеттік стандарт талаптарына сай болып шықты. Әсіресе Ескелді, Алакөл және Көксу аудандарындағы мекемелердің басым бөлігі аттестаттаудан өте алмай, тиісті талаптарға сәйкес келмеген.
Аттестаттаудан өтпеген 38 балабақша мен 32 мектепте қайта тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша кейбір нысандар 2026 жылға арналған профилактикалық бақылау тізіміне енгізілсе, енді бірінің аттестаттау мерзімі келесі жылдың сәуір-маусым айларына шегерілді.
Департамент басшысының мәліметінше, білім ұйымдарындағы басты мәселелер – инфрақұрылымның тозуы мен материалдық базаның жетіспеушілігі. Мәселен, облыстағы 14 мектепте оқушы орнының тапшылығы сезілсе, 33 мектепте спорт залы мүлдем жоқ. Сонымен қатар, 38 мектеп заманауи талаптарға сай емес, бейімделген ғимараттарда жұмыс істеп тұр. Тіпті 15 мектеп ғимараты мен 4 мектеп асханасында санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы балалардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар туындатқан.
Бақылау шаралары барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар да тіркелді. Өткен жылы жалпы сомасы 771 420 теңгеге жететін 10 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде мектеп формасы талаптарын сақтамау, балалардың себепсіз сабақтан қалуы және құқыққа қарсы әрекеттер туралы хабарламау жағдайлары бойынша айыппұлдар салынды.
Сондай-ақ, Сарқан және Алакөл аудандарындағы екі білім беру мекемесі біліктілік талаптарына сай келмегені үшін әрқайсысы 45 АЕК көлемінде айыппұл төледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/1199309?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version