Абай облысында ұлттық зияткерлік мұраның айрықша үлгісі саналатын тоғызқұмалақ ойынынан жасөспірімдер арасында облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды дода жас буынның ойлау қабілетін дамытып, стратегиялық пайымын шыңдауға бағытталған маңызды алаңға айналып отыр.
Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Үкіжанов Думан жастарға ерекше үндеу жолдады:
«Бүгінгі таңда жас ұрпақтың денсаулығы мен болашағы – мемлекет үшін ең басты құндылықтардың бірі. Спортпен айналысу, оның ішінде тоғызқұмалақ секілді зияткерлік ойындарға қызығушылық таныту – дұрыс таңдау. Есірткі заттары адам өмірін ғана емес, оның арманы мен мақсатын да жояды. Сондықтан әрқайсыңыз саналы түрде дұрыс жолды таңдап, өз болашағыңызға жауапкершілікпен қарауларыңыз қажет», – деді ол.
Турнир қатысушыларына мұндай мазмұнды кездесудің берері мол болды. Спорттық бәсекемен қатар тәрбиелік мәні жоғары іс-шара жасөспірімдердің рухани және әлеуметтік дамуына оң ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1199960?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау