15 сәуір күні Өскемен қаласындағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді.
Оқу-жаттығу барысында күштік құрылымдардың терроризмдік сипаттағы жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мәселелері қарастырылады. Осыған байланысты белгілі бір шектеу шаралары, соның ішінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатын болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1200892?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау