Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында Алматы қаласы Әділет департаменті жұмыста өзін лайықты көрсетіп, жоғары кәсібилігімен ерекшеленген мемлекеттік қызметшілер туралы арнайы ақпараттық циклды жалғастыруда.
Осы орайда, Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкері Жания Мухтаровна Мухаева – өз ісіне адал, көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман ретінде атап өтіледі.
Еңбек жолында түрлі жауапты қызметтер атқарып, кәсіби тәжірибесін шыңдаған ол қазіргі таңда сот орындаушысы ретінде өз міндеттерін сапалы әрі нәтижелі жүзеге асырып келеді. Қызмет барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сот актілерінің уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Жания Мухтаровна өзінің кәсібилігімен, жауапкершілігімен және адалдығымен ұжым арасында құрметке ие. Ол жас мамандарға үлгі болып, өз тәжірибесімен бөлісіп, олардың кәсіби қалыптасуына үлес қосуда.
Мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі мен жоғары көрсеткіштері үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық наградасымен марапатталған.
Осындай тәжірибелі әрі білікті мамандардың еңбегі мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, қоғамдағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1200091?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау