Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы 2025 жылғы жолдауында қайтарылған жерлерді адал еңбек ететін кәсіпкерлерге беріп, оларды айналымға енгізуді тапсырды. 2022–2025 жылдары 1,256 млн га жер мемлекетке қайтарылып, оның 1,092 млн га қайта пайдалануға берілді. Қалған 164,2 мың га жерді 2025 жылдың маусымына дейін айналымға енгізу үшін арнайы жоспар бекітілді. Жерлерді бөлу кезінде алдымен жайылым тапшылығы бар елді мекендерге басымдық берілуде. Ақтөбе қаласы мен бірқатар аудандарда жайылым көлемі арттырылды, бірақ әлі де 40,3 мың га тапшылық сақталуда. Облыста жайылымдарды басқарудың 5 жылдық жоспары бекітіліп, жерді тиімді пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тозған жерлер зерттеліп, 8,6 мың га аумақта эрозия анықталды. Жерді пайдалану мониторингі күшейтіледі. Жер алған шаруашылықтар заң талаптарын, соның ішінде бизнес-жоспар мен жерді тиімді пайдалану міндеттемелерін орындауы тиіс. Мониторинг нәтижесі бойынша жерді жалға алу мерзімін ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1200444?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау