Ақтөбе қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жасырын патрульдеу әдістері, заманауи технологияларды, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жүзеге асырылуда.
Өткен демалыс күндері облыс орталығының жолдарында жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірқатар фактілері анықталып, жолы кесілді. Нәтижесінде жол қозғалысына қатысушылар үшін әлеуметті қауіп төндірген 53 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Әсіресе, мас күйінде көлік басқару ерекше алаңдаушылық туғызады. Мұндай әрекеттер қайғылы салдарға әкелетін ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.
Патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 11 жүргізушіні анықтады, сондай-ақ бұрын көлік басқару құқығынан айырылған бір жүргізуші қайтадан мас күйінде рульге отырған. Ол заңды саналы түрде елемей, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген.
Полиция ескертеді: Рульдегі жауапкершілік — бұл тек ережелерді сақтау ғана емес, сонымен қатар өзгелердің өміріне құрметпен қарау. Мас күйінде көлік басқаруға жол берілмейді және мұндай құқық бұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1200469?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау