ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі ұйымдастыруымен мәслихат депутаттарының әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шара өткізілді.
Тренинг барысында:
🔹 Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
🔹 Мәслихаттардың рөлін күшейту
🔹 Бюджет ашықтығы
🔹 Халықпен тиімді коммуникация
сияқты өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды.
Қатысушылар кейстерді талдап, топтық жұмыстарға қатысып, заманауи құралдарды қолдану дағдыларын жетілдірді
🎯 Негізгі мақсат – депутаттардың кәсіби біліктілігін арттыру және жергілікті деңгейдегі шешім қабылдау тиімділігін күшейту.
Қала мәслихатының депутаттары белсенді қатысып, өздеріне қажетті тәжірибе мен білім алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1200145?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау