Шымкент қаласында 2026 жылғы 9 – 13 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 10-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы құқық негіздері, орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шымкент қаласы білім басқармасы және Шымкент қаласы білім басқармасының “Шымкент қаласының Дарын орталығы”.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Ақмола облысынан 12 оқушы қатысты, құқық негіздері – 4 оқушы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша – 4 оқушы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша – 4 оқушы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, грамотамен – 1 оқушы.
I-дәрежелі дипломмен марапатталды:
Ақылбай Кәусар — Көкшетау қаласы, №5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 11-сынып оқушысы, “Құқық негіздері” пәні бойынша;
Головина Татьяна — Көкшетау қаласы, №6 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, “Орыс тілі мен әдебиеті” пәні бойынша.
II-дәрежелі дипломмен марапатталды:
Хайришева Гаухар – Жарқайың ауданы, Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, “Орыс тілі мен әдебиеті” пәні бойынша;
Назаренко Софья — Степногорск қаласы, А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, “Орыс тілі мен әдебиеті” пәні бойынша.
IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:
Кузнецова Милана — Көкшетау қаласы, №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы, “Орыс тілі мен әдебиеті” пәні бойынша;
Сейсен Әлима — Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, “Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі” пәні бойынша;
Есмағанбет Ақниет — Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы, “Құқық негіздері” пәні бойынша;
Габбасова Жадыра — Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, “Құқық негіздері” пәні бойынша;
Қабақбай Томирис — Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, “Құқық негіздері” пәні бойынша.
Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1200241?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау