«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақталған адамға куәлік беру туралы өтінішті саяси қуғын-сүргінге  ұшырап, ақталған адам өзі не өкілі арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді. Бүл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы №78 «Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.

         Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:
1) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) ақтау туралы анықтама не заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесі;
3) өкілі арқылы жүгінген кезде – оның өкілеттіктерін растайтын нотариат куәландырған құжат.
         Салыстырып тексеру үшін заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесін қоспағанда, құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

          Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы:

Мемлекеттік корпорация: Бөкейханов к-сі 20а,  телефон: 8(71036)68349 электрондық поштаның мекенжайы: balkhashcon@mail.ru.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1200883?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version