Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау және өңірдің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында белсенділік танытты.
Іс-шара барысында Керуен кемпингінен «Домбра» бау-бақша ұжымына дейінгі аумақ тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар белгіленген аумақта қоқыс жинап, қоғамдық кеңістіктің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Аталған акция қызметкерлердің экологиялық мәдениетін арттырумен қатар, олардың азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және қоғамда тазалық пен тәртіпке деген оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1200436?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау