Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13 сәуір күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды.

Іссапар барысында  сот сараптамалары орталығында жүргізіліп жатқан сыртқы талдаудың аралық қорытындылары таныстырылды. Аталған жиынға Агенттіктің барлық аумақтық департаменттерінің басшылары мен сот сараптамасы орталығының облыстық филиалдарының жетекшілері онлайн форматта қатысты.

Отырыс барысында өңірлік департаменттің басшысы Айбек Шілманов баяндама жасап, жергілікті сот сараптамасы орталығы қызметінде бірқатар жүйелі тәуекелдердің бар екенін айтты. Атап айтқанда, кадрларды іріктеу, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу, сараптамаларды бөлу кезінде мүдделер қақтығысына жол берілуі, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті тиімсіз пайдалану мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында Агенттіктің орталық аппаратының басшылығы, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері және жұртшылық қатысқан кездесу өткізілді. Кездесу барысында жаңа стратегиялық құжат Мемлекет басшысы айқындаған негізгі басымдықтарды, атап айтқанда «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын ескере отырып әзірленетіні атап өтілді. Сондай-ақ бұл қағидаттарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктеріне енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмысына практикалық тұрғыда ықпалдастыру қамтамасыз етілетіні айтылды.

Өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Г. Сүйентаева Мемлекет басшысы бастамашылық еткен конституциялық реформалар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Ал ішкі саясат басқармасының басшысы А. Байнешов халық арасында ағартушылық жұмысты күшейту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы коалиция құруды ұсынды.

Ашықтықты қамтамасыз ету және азаматтарды кеңінен тарту мақсатында Агенттіктің ресми интернет-ресурсында ұсыныстар жинауға арналған арнайы бөлім ашылатын болады. Барлық келіп түскен бастамалар мен ұсынымдар міндетті түрде қаралып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа стратегиялық құжат жобасын әзірлеу барысында ескерілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/1200244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version