Аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату ережесінің 3-тармағының 4-бөлігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізілуінің міндетті шартымен сәйкесінше шешім қабылдайды.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Алпысова ұсынған материалдар негізінде Риддер қалалық мәслихаты мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізетінін хабарлайды: «Шығыс Қазақстан облысы Бутаково ауылы маңындағы Республикалық А-9 автожолының учаскесін интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету үшін биіктігі 45 метрлік антенналық тірек құрылымын салу».

Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19-үй мекенжайы бойынша Риддер қаласы әкімдігінің мәжіліс залында (3-қабат) өтеді.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 09.30-дан басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/riddermaslikhat/press/news/details/1200457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version