Достық үйінде «Samga» театрының «Таңдау» атты әсерлі қойылымы көрермен назарына ұсынылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қойылымның негізгі өзегі – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын нашақорлық пен зиянды әдеттердің зардабы. Сахнадағы оқиға желісі арқылы адам өміріндегі әрбір таңдаудың маңызы, оның болашаққа тигізер әсері терең әрі шынайы түрде жеткізілді.

Актерлердің шынайы ойыны мен көркем бейнелері көрерменді бейжай қалдырмай, әр адамды өз өмірі мен таңдауы туралы ойлануға жетеледі. Қойылым жастарға ой салып, зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін маңызды тәрбиелік мәнге ие болды.

«Таңдау» – бұл тек сахналық туынды ғана емес, әрбір адамның өміріндегі жауапты шешімдердің айнасы іспеттес қойылым.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1200421?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version