Еңбек қауіпсіздігі мен заң талаптарын сақтау – басты назарда: Қарқаралыда білім беру ұйымдарының басшыларына арналған семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 сәуірде Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласындағы академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 мектепте білім беру ұйымдарының басшыларына арналған құқықтық семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Райхан Мамашиевна Қыдырбаева қатысты.

Семинар жұмысына сондай-ақ Қарқаралы ауданы білім бөлімінің басшысы Мәдина Мұратқызы, Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алмагүл Ракишева және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыстық департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Саягүл Еркебекова қатысты.

Іс-шара барысында еңбек заңнамасының негізгі мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, қызметкерлердің құқықтарын сақтау, еңбек қатынастарын заң талаптарына сай рәсімдеу, ұжымдық шарттардың орындалуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Ерекше назар еңбек заңнамасы бұзушылықтарының алдын алуға және қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылды. Мұндай кездесулердің мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын қорғау тиімділігін арттырудағы маңызы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1200749?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version