Алмалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ескерткіштерді қорғау күніне орай “Ескерткіштерді қорғау – елдіктің белгісі” атты топ серуен өткізілді.
Серуен барысында қатысушылар ауыл маңындағы ескерткіштермен танысып, олардың тарихы туралы мағлұмат алды. Кітапханашылар ескерткіштердің ел тарихындағы орны мен рухани құндылығы жайлы кеңінен әңгімеледі.
Сонымен қатар, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға тарихи-мәдени ескерткіштер туралы әдебиеттер ұсынылды. Көрмеге қойылған кітаптар арқылы қатысушылар өз білімдерін толықтырып, қызығушылықтарын арттырды.
Шараға қатысқан оқушылар өз ойларын ортаға салып, тарихи мұраларды қорғау – әрбір азаматтың парызы екенін түсінді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1200623?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау