Катар Қазақстанның реформалары мен халықаралық сахнада артқан рөлін қолдайтынын білдірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Доха, 2026 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатар Мемлекетінің Консультативтік кеңесінің мүшесі, Азия істері тобының жетекшісі Ахмед Әл-Хитмимен кездесті.

Сұхбат барысында 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Қатарға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру тұрғысынан парламентаралық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту жолдарын қарастырды.

Осы орайда қазақ-қатар қатынастарының стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткені, оған жоғары деңгейдегі сенімді диалог пен белсенді өзара сапарлар ықпал еткені атап өтілді.

Кездесуде Елші Қазақстандағы саяси реформалар, оның ішінде жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум нәтижелері және бір палаталы парламентке көшетіні туралы ақпарат берді.

Қатар тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен әлеуметтік-экономикалық дамудың күшейгенін және елдің халықаралық сахнадағы рөлінің артқанын атап өтті.

Бұл ретте парламент спикерлері деңгейінде тұрақты сапар алмасудың және парламентаралық байланыстарды кеңейтудің маңыздылығына назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша биыл парламентаралық достық тобының екінші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жетіп, мемлекет басшылары арасындағы келісімдерді жүзеге асыру үшін ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген дайындық расталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1200676?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version