Кедергілерді жою және инвестициялық жобаларды жеделдету – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов пен облыс прокурорының орынбасары Айбек Тағыбергеннің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға облыс мемлекеттік органдардың басшылары және инвесторлар қатысты.

2026 жылдың қаңтар–ақпан айларының қорытындысы бойынша өңірде инвестициялық белсенділіктің тұрақты өсімі байқалады. Жыл басынан бері облыс экономикасына 88 млрд теңге инвестиция тартылып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 млрд теңгеге артты. Жалпы құны 25,6 млрд теңгені құрайтын «Next Green», «Darmen Shuak» және «Метэкс сервис» жобалары іске қосылды.

Отырыс барысында алтын өндіру, энергетика, көлік-логистика, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және өнеркәсіпті кеңейту салаларындағы алты инвестициялық жоба қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары инвестициялық жобаларды іске асыруда кідірістерге жол бермеуді және барлық туындаған мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз етуді тапсырды. Әрбір жоба бойынша нақты мерзімдер белгіленіп, жауапты мемлекеттік органдарға олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Сондай-ақ инвесторлармен кері байланысты күшейту және «осы жерде және қазір» қағидаты бойынша жедел шешім қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеу барысында заңдылықтың сақталуын және инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1200446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version