Кене энцефалитінің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн жылынғаннан бастап-ақ кенелер қысқы ұйқыдан оянады, олар кене энцефалиті және кене боррелиозы сиякты жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болып табылады. Кене белсенділігінің маусымы сәуірден қазан айларына дейін, ал олардың белсенділігінің шыңы мамыр және маусым айларына келеді. Кенелер адамға тек орманда ғана емес, сонымен қатар қалалық саябақтарда, бақтарда, бақшаларда шабуыл жасайды.
Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жедел жұқпалы вирустық ауру.
🕷️Кене энцефалитінен қалай қорғануға болады?
Жеке қорғаныс шаралары және кене энцефалитіне қарсы вакцинация – кене энцефалитінің алдын алудың негізі болып табылады.
Кене энцефалитінің табиғи ошағына барған кезде (тауларға, ормандарға бару, лагерьлер мен сауықтыру ұйымдарында демалу және т. б.) кене белсенділігі жоғары кезде кене шағуына жол бермеу бойынша келесі сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
– шөпке отыруға, жатуға болмайды, киімді, денені және заттарды жиі тексеріп, үйге оралғанда да киімді және денені кененің бар – жоғына мұқият тексеріп алыңыз;
– бірыңғай және ашық түсті киімдер киіп, шалбарды етікке, шұлыққа, киімнің жоғарғы бөлігін – шалбарға салыңыз, жең манжеттері қолыңызға мықтап орналасуы керек, көйлек жағалары мен шалбарының астында кене жүре алмайтын бекіткіштер болуы керек; көйлекке, курткаға тігілген капюшон киіңіз немесе басқа орамал тартыңыз;
– кенелерді үркітетін заттарды – репелленттерді қолдану қажет.

Кенелерден сақтанайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1200150?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version