Көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында автокөлік қозғалысын реттеу және төтенше жағдайлар кезінде арнайы техникалардың еркін жүруін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген кешенді түсіндіру жұмыстары
Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында автокөлік иелерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және арнайы қызметтердің кедергісіз жұмыс істеуіне жағдай жасау болып табылады. Түсіндіру барысында тұрғындарға автокөліктерді белгіленген орындарға дұрыс қоюдың маңыздылығы кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, аулаларда көлік құралдарын ретсіз қалдыру салдарынан жолдардың тарылып, жедел әрекет ететін қызметтердің (өрт сөндіру, жедел жәрдем) уақытылы жетуіне кедергі келтіретіні түсіндірілді. Осындай жағдайлар төтенше сәттерде адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екені ерекше атап өтілді.
Қызметкерлер тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, аулаларда көліктерді бейберекет қоймауға және басқа тұрғындарға қолайсыздық тудырмауға шақырды. Сонымен қатар, арнайы техникалардың еркін қозғалысына кедергі келтірмеу – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені жеткізілді.
Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға өз үлесін қосатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1200499?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау