Манархан Алкенұлы Ахимбеков Талдықорған қаласының энергетика саласында 49 жыл бойы табанды еңбек еткен тәжірибелі маман. Ол өзінің саналы ғұмырын ел игілігі жолына арнап, 29 жыл бойы «Талдықорған жылусервисі» мекемесінің басшысы ретінде үздіксіз қызмет атқарып, бүгінгі күні еңбек жолын аяқтауда.
Еңбек жолында жинақтаған мол тәжірибесі мен жоғары кәсібилігінің арқасында Манархан Алкенұлы жауапкершілігі жоғары, өз ісіне тиянақты, ұжым арасында зор құрметке ие қызметкер ретінде қалыптасты!
Манархан Алкенұлының еселі еңбегі елеусіз қалмай «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Қазақстан экономикасының даңқ жұлдызы» төс белгісі, сондай-ақ қаламыздың Құрметті азаматы атанды. Бұл марапаттар оның ел дамуына қосқан сүбелі үлесінің айқын дәлелі.
Қаланың дамуына қосқан зор үлесі үшін Манархан Алкенұлына алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасына бақ-береке тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1200557?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау