МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕН ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі аппаратында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек еткен Айткүл Орынбетқызы зейнетке шықты. Арнайы қала әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Нұржанұлы Әлібеков мемлекеттік қызмет саласындағы көпжылдық еңбегі үшін алғысын білдіріп, кәсібилігі мен жауапкершілігін, ел игілігі жолындағы адал қызметін ерекше атап өтіп, оның еңбек жолы әріптестеріне үлгі екенін жеткізді.
Айткүл Орынбетқызы еңбек жолын 1988 жылы бастап, 38 жыл бойы түрлі жауапты қызметтерде абыроймен атқарған. Әр жылдары архитектура саласында және қала әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім басшысы лауазымдарында еңбек етіп, мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан. Соңғы жылдары өтініштердің орындалуын бақылау бағытында нәтижелі жұмыс жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1200860?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version